Войти
Ru

Шежіре тарихымыздың алтын діңгегі (алғысөз орнына)

Тарихын, сонау, тереңнен алатын халқымыздың бізге жеткен ең ерекше, құнды мұрасы шежіре. Араптың "шаджара" үрімбұтақ, тармақ деген сөзінен негіз алатын бұл мұра әлмисақтан бері халықпен бірге жасасып келе жатқан өнер. Жер деген жасыл ғаламшарды мекендеген халықтардың кейбіреуінде ғана патшалар сияқты, ерекше тұкымның қайдан шығып кімнен туғанын дәріптейтін шежірелер сақталған болса, біздің халықта бұл дүниеге келген әрбір азаматтың шыққан тегі, басқалардың патшаларының дәрежесінде таратылады.

Шежірені ерекше өнер деп атауымыз да сондықтан. Қазақта шежірешілік өнердің жоғары бағалағандығын еліміз тарихын зерттеуге үлес қосқан Н.Аристов, Ш.Уәлиханов еңбектерінде ерекше аталып өтеді. Шежірешінің беделі, әр кезде, ел билеген әкімдерден кем болмаған. Сондықтан да болар шежірені таратып беретін қарттарды осы күнге дейін аялап, айналып қасынан шыққымыз келмейтіндігі. Оған қоса шежіре тірі тарих. Шежірені тарамтарам таратып отыратын қарттар қай атаның тұсында қырғын болғанын, қай атаның тұсында жұт болғанын, қай атаның түсында үркіншілік болып туған жерден ауғанын, қолмен қойғандай етіп айтып отырады. Өкінішке орай ондай қарттар азайды. Тіпті жоқ деп айтуға болады.

Солармен бірге шежірешілік өнері де өтіп бара жатыр. Сол қарттардың айтқандарынан, хат білетіндерінің жазғандарынан, балаларына жазғызып қалдырған мұраларынан осы шежірені жинастырып жазып бастыруды, бір Аллаға сиынып, қолға алдық. Шежіре халықтың шығу тегін, жүріп өткен жолын, аса маңызды тарихи оқиғаларды жадта сақтап, ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп отырудың көне замандардан қалыптасқан жолы. Қазақ және басқа халықтардың шежіре айту дәстүрі ең бері дегенде үйсін, күндер (ғүн) дәуіріндеақ болған сияқты. Оған дәлел үйсін тайпасынан жетім қалған жалғыз ұлды емізіп, аман алып қалған аналық қасқыр жайлы коне аңыз. Түркілерде шежіре айтудың дамығандығын осы елдердің тарихын зерттеуші парсы тарихшысы Рашид аддиннің "Джаами аттауарих" еңбегінен көруге болады.

Бұл еңбектің кіріспс бөлімінде түркімонгол халықтарының тарихына байланысты деректер сол елдердің беделді деген шежіре айтушыларының ауызынан жазылып алынғандығы, және тарихшының өз заманына жеткен жазба еңбектерден теріп, ешқандай бұрмалаусыз, сол күйінде оқушыға жеткізуге тырысқандығы айтылады. Шежіре айтушылар қатарында Пулад Чинсан, Қазан хан және басқа көптеген түрік тайпаларының жетекші өкілдері болғандығы баяндалады. Сол сияқты М.Қашқаридың "Диуан луғат и түрік", Әбілғазы Бахадурханны" "Шежіре и түрік", көне "Қудатғу білік", Кожа Ахмет Яссауидың "Диуани Хикмет" шығармаларында түркі тілдестердің шежірелері қамтылған. Бұған қоса өз қандасымыз Мухаммед Хайдар дулаттың "Тарихи Рашиди" және Қадырғали Қосымұлы жалайырдың "Жылнамалар жинағы" сияқты орта ғасырлық аса құнды мұралардан халқымыздың шежіреге деген күрметі мен ынтасы анық көрініс береді. Сол сияқты қазақ қоғамы арасында кеңінен мәлім болған шежірелер қатарына "Қиян Домбауыл мерген шежіресі", "Алаш мыңы", "Үйсін Майқы бидің шежірелері", "Қыпшақ Кіреулі шежіресі", "Едіге би шежіресі" сияқты орта ғасырлық жазба мәдениетінің мүраларын жатқызуға болады.

Бұл шежірелердің жазбаша таратылуы оқу мен жазу өнерінің біздің халыққа да, айтылып жүргендей, жат болмағандығын көрсетсе керек. Өткен ғасырдың басына таман жарық көрген Шәкәрім Құдайбердіұлының "Түрік, қазақ, қырғыз ћәм хандар шежіресі", Мухамеджан Тынышпаевтың бастырған шежірелері де халқымыздың әспеттеп, атадан балаға мирас қылған шежіре айту өнерінің келісті жалғастары іспеттес. Қорыта айтқанда шежіре бір жағынан тарихымызды түгендеудегі алтын қазық болса, екінші жағынан халқымыздың қан тазалығын сақтаудағы бұлжымаған кодексі болып табылады. Қазіргі Ч.Дарвин ашты деп жүрген әволюциялық ілімді біздің бабалардың осыдан үш мың жылдай бұрын білгендігі, түр аралығы неғүрлым алшақ болса, тұқымның өмірге бейім, қабілеті жоғары болып туатындығын біліп қана қоймай, өмір сүрудегі негізгі заңы есебінде қолданғандығы, күні бүгінге дейін қолданып келе жатқандығы исі қазақтың заңды мақтанышы.

Ғалым, академик Манаш Қозыбаев өзінің "Егемен Қазақстан" газетіне жариялаған мақаласында "Қазақ шежіресін зерттеуді, оны білуді рушылдық, жершілдік сияқты келеңсіз қүбылыстармен шатастырмау керек. Бүл екеуінің шежіреге үш қайнаса, сорпасы қосылмайды. Ендеше, ауызша тарих айту дәстүрінсіз қазақ халқының тарихын жасау мүмкін емес" деген еді. Айтса айтқандай, біздің де мақсатымыз атабаба дәстүрін жалғастырып, кейінгі ұрпаққа өз тегінің түбін, атабабасында халқы үшін, елі үшін еңіреген ерлердің болғандығын айта отырып, соларға ұқсауға тырысуға баулу ғана. Қолдарыңызға үстап отырған "Сарыүйсін шежіресі" бір ғана адамның емес ұрпақтанүрпаққа ауызша жеткізіліп келген шежірелерді жинап қорытқан, бірнеше адамдардың бірлескен еңбегінің жемісі.

Олар жайлы кітап соңында арнайы сөз болады. Кітапта аты аталмай қалған аталар мен адамдардан алдын ала кешірім өтінеміз. Қалқадірімізше жинап бастырғанымызды, бүрын шығарылған шежіреге "Бәйдібек баба алып бәйтерек" деп аталған кітаптағы шежіреші Майдан Мырзахметұлы жинаған мағлұматтарға қосымша көптеген деректер жинағанымызды өздеріңіз көресіздер. Бүл кітаптың алғашқы басылуы, кемкетігі болса біздің ұрпақтарымыз келесі басылымдарда толықтырады деп сіздерді сендіремін.

Кеңесқан Сәбденүлы АҚАЕВҚР "Қызмет" Акционерлік қоғамының Президенті