Войти
Ru

О роде Бериш

Кіші жүздің саны ең көп руларының бірі беріш руы болып табылады. П. Кеппеннің деректері бойынша (1851 ж.) Бөкей ордасында ғана оның 3600 шаңырағы болғанын, бұл (әр шаңыраққа 5 адамнан деп есептегенде) 18 мың адам екенін айтудың өзі жеткілікті. Бізге белгілі деректемелерде бұл ру бірінші рет Кіші жүз қазақтарының рулықтайпалық құрамының А. И. Тевкелев жасаған тізбесіңде 1748 жылы ауызға алынады. Беріш руы шенеунік Ларионовтың 1829 жылға қатысты рапортында да, А. Левшин келтірген рулар тізімінде де айтылады. Неғұрлым кейінгі деректемелерде (соның ішінде архивтерде, сондайақ әдебиетте де) бұл ру үнемі кездесіп отырады. Рудың мынадай тоғыз бөлімшесі бар: жайық, есенғұл, қаратоқай, құлкеш, бегіс, есен, жаңбыршы, себек, басқасқа. Н. Ханыков пен М. Тынышбаев келтірген мәліметтерден айырмашылығы, бұл деректерді дұрыс деп санаймыз.

Алайда, бұл рудың өзімізге белгілі барлық шешірелерінен оның бірқатар бөлімшелерінің негізін ңалаушы Байбақты болып табылады. Байбақты руының шығу тарихын қарастыра келіп, біз оның тегі, сірә, қышпақ тайпасынан (Орта жүз) басталуы мүмкін деп анықтадық. Беріш руында байбақтының болуы негізінен алғанда бір кездерде байбақтылардың бір бөлігі одан бөлініп шығып, дербес руға айналғанын дәлелдейді.

Осылайша, байбақты және беріш руларының жақындығын анықтай келіп, біз беріш руының өзі де қыпшаң тайпасынан шыққан деп едәуір дәрежеде анық пайымдай аламыз. Бұл пікірдің дәлелін біз С. А. Аманжоловтан табамыз, ол араб жазушысы әлАйнидің деректеріне сілтеме жасай отырып. «мысыр» (мамлюк) сұлтандары Бейбарыс (12601279) пен Қалауын (12741290) біржолғы руынан шыққан қыпшақтар болған дейді. Мұның үстіне олардың біреуі берген айғақ былай деп жазылған: «Мен түріктердің беріш руының ұлымын». Біз қазір С. А. Аманжоловтың XXI ғасырларда қыпшақтардың бір бөлігі батысқа бет алып, Мысырға дейін барғаны туралы пайымдауын дәлелдеуге немесе теріске шығаруға бармайық, бұл біздің міндетімізге кірмейді. Бірақ қыпшақтың беріш руы туралы ауызға алынуының өзі бұл рудың (берчберіш) XII XIII ғасырлардың өзіндеақ болғанын және қыпшақтар құрамына енгенін дәлелдейді.

Осының бәрі біздің Байбақты және Беріш рулары туыс, демек, олардың екеуі де қыпшақтар тайпасынан шыққан деген пікірімізді растайды. Беріш руының құрамында бессары бөлімшесі бар. Бессары руы қарақалпақтардың қытай тайпасьг руларының арасында да ұшырасады.
Беріш руының таңба белгісі (Гродеков, Аманжолов, Кеппен, Ханыков бойынша). Бұл таңбаны біз әулеттік меншік заттарынан ғана емес, сонымен қатар ру өкілдерінің құлпытастарынан да кездестірдік.

Скачать статью