Войти
Ru

О роде Уак (часть 1)

Уақ тайпасының рулық-тайпалық құрылымын анықтауда оның қазақ халқының этногенезі мен этникалық процесіпде атқаратын қызметі туралы қысқаша айта кету қажет. Уақтың жалпы таңбасы таңбасы да кездеседі, ұраны «Жаубасар». А. Левшин бұл тайпаны: Тәуке хан құраған және ол үш рудан: уақ, керей, тарақты руларынан тұрған деп пайымдайды. Егер А. Левшинге жүгінер болсақ, уақ тайпасы XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында қүрылған деп есептеу керек, алайда бұл тұжырым тарихи шындыққа сай келмейді. Ә. X. Марғұлан уақтардың тегін XIII ғасырдағы мәліметтерге сүйене отырып, ертедегі керейлерден шығарады.

Уақтардың тарих аренасындағы қалыптасу кезеңі туралы Ш. Ш. Уәлиханов өз еңбектерінде құнды деректер келтіреді. Бұл Алтын Орда ыдырап, халық аңыздарында уақ тайпаларынан Ер Көкше мен Ер Қосайдың есімдері аталатын кезең. Орта жүз аңыздарын негізге ала келіп, Ш. Ш. Уәлиханов қазақтар «өздерін батырлар жырларында сансыз көп ноғайлы жұрты аталатын Алтын Орда татарларының ұрпағы ретінде санайды» деп жазды. Қазақ эпөстарындағы нөғайлыға қатысты жыр жолдары осының айқын куәсі.

«Ер Көкше», «Ер Қосай», сондай-ақ «Қамбар батыр» эпостарында уақ тайпасының қалыптасу тарихы жөнінде мәліметтер келтірілмегенімен, олардан (эпостардан) тайпаның басынаи өткерген түрлі оқиғалары, оның тарихта есімі мәлім дара тұлғалары туралы құнды деректер кездестіруге болады. «Никон жылнамасына» сүйене отырып, Ш. Ш. Уәлиханов Ер Көкшенің (жылнамада «Кокчю») өмірде болуының тарихи нақтылығын және оның қаза тапқан уақытын 1423 жыл деп біледі. Ал уақтардың шығу тегі туралы халық аңыздарында не айтылады?
Шежірелердің бірқатары Уақты Керейдің інісі, басқа біреулері ағасы деп санайды. Аңыз бойыиша, Керей мен Уақ ағайынды адамдар. Осы екі тайпаның үнемі бірге көшіп жүретіні, қыстауы мен жайлауының жақындығы, керейлердің саны көп тайна ретінде саны аз тайпа уақтарға құрмет білдіретіні, расында да Керей мен Уақтың туыстығын көрсетеді. Керейлер мен уақтардың туыстығын уақтардың шежіресінен де байқауға болады. Онда, әдетте барлық шежіреде айтылатындай, рудың шығу тегі арғы бабасы Уақтан емес, қайта аты аңызға айналған Жаубасардан басталады.

Мүмкін, Жаубасар Керейден тарайтын бұтақ болар? Уақтарда өздеріне ортақ рулық таңбамен қатар, керейлердің таңбасына ұқсас тағы бір таңба бар. Бұл керей мен уақтардың туыстығының бір дәлелі болып табылады, Бұл тайпалардың өзара жақындығы күмәнсіз, кезінде мұиы А, Левшин, Ш. Ш. Уәлиханов, Н. Аристов, өз еңбектерінде атап өткен, шежірешілер мен көнекөз қарттардың есінде сақталған аңыздар да соны қуаттайды. Уақ тайпасының төменде келтіріліп отырған шежіресі этнографиялық экспедициялардың ел арасынан жинаған жазбаларына, халық эпосыиың деректеріне негізделген. Бұл арада Ноғай заманындағы қазақ эпосында сақталған батырлар есімдерінің транскрипциясы жайында айта кеткен жөн, ондағы: Нар Бокше Нар Көкше, Ер Бокше -Ер Көкше және т. т. Қырғыздың «Манас» эпосын зерттей келіп, В. М. Жирмунский онда («Маыаста») шығу тарихы жөнінен қазақноғай эпосында ұшырасатын бірқатар батырлардың есімдері бар екенін, мұның өзі, сөз жоқ, бұл халықтардың этномәдени түп-тамырларының ортақтығын көрсететінін атап айтқан.

Эпоста Ер Көкше бірде қалмақтарға қарсы күресте Манастың одақтасы ретінде көзге түседі, ал басқа бір нұсқа бойынша Манаспен жекпе-жекте қаза табады. Қазақ эпостары «Ер Көкше», «Ер Қосай» және «Маиас» эпосының тарихи бөлімдері қалмақтарға қарсы соғыстар жағдайында өрбиді. Г. Н. Потанин Ақмола қазақтарынан жазып алған эпоста Ер Қосай (Ир Госай) қара қыпшақ Қобыландыға қарсы үздіксіз соғыс жүргізеді. Эпостарда ала-құлалық жиі кездеседі, Уақ тайпасынан шыққан батырлардың жорығы туралы да бірнеше нұсқалар бар. Эпостың әр түрлі нұсқалары болуын белгілі бір тарихи уақыт аралығымен түсіндіруге болады, мұндай жағдайда белгілі бір оқиғалар белгілі бір топтың, белгілі бір ру, тайпалардың мүдделерін көздейді немесе жаңадан жасалатын идеологияға сәйкес ой елегінен өткізіліп, озгертіліп отырады. Сондықтан да Уақтың аңызға айналған кейіпкерлері мен оның ұрпақтары бірде қалмақтарға қарсы соғыспен, бірде өз тайпаластарына қарсы күреспен байланыстырылады т. т. Бірақ эпос мәліметтері ғылыми тұрғыда нақтылауды талап етеді, ал бұл арада мұндай міндет қойылып отырғаи жоқ.
Егер тарихи жағынан анықтық жайында айтар болсақ, бәлкім, Кокчю (Ер Көкше) 1423 жылы қаза тапты дейтін Никон жылнамасының мәліметтерін қабылдап, бұл адам нақты өмір сүрген деп санауға болар. Бірақ, бұл да тек жорамал.

Скачать статью